4 фронт-кеңсе ашылды

Елбасы Жолдауын және Ішкі істер органдарын жаңартудың Жол картасын іске асыру мақсатында Павлодар қаласы Полиция басқармасында және Екібастұз қаласы Полиция басқармасында «Азаматтарды қабылдау орны», яғни фронт-кеңселер ашылды.
«Азаматтарды қабылдау орны» фронт-кеңсесін қалалық Полиция басқармаларының бастықтары Нұрмағамбет Әбдірахманов және Талғат Арыновтар салтанатты түрде ашты. Барлық фронт-кеңселер жайлылық және қауіпсіздік сияқты барлық заманауи талаптарға сай келетін жеке қызметтік жайдан тұрады. Енді қаламыздың тұрғындары мен қонақтары бұл жерлерден полиция қызметінің барлық бағыттары бойынша толық кеңес ала алады. Фронт-кеңсе дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді.
Павлодар қаласы Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрмағамбет Әбдірахманов өз сөзінде осы фронт-кеңселердің ашылуы халықтың полицияға деген сенімін арттыратынын атап өтті. Жүгінген азаматтарға Полиция басқармасы бөлімдерінің кәсіби білікті қызметкерлері сауатты кеңес пен түсініктемелер беретін болады. Ал ағымдағы жылдың 30 сәуірінде ашылған Полиция департаментінің фронт-кеңсесі 300-ге жуық азаматты қабылдап, қажетті кеңестер берген болатын.

Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*