Полиция капитаны – Азия чемпионы

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкері Азия чемпионатында жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
5-7 шілде аралығында Қырғызстан Республикасының Чолпон-Ата қаласында қоян-қолтық айқастан «HSIF» ашық Азия чемпионаты өтті.
Турнирге әртүрлі елден келген 128 спортшы қатысты. Қазақстан Республикасы құрама командасының қатарында елордалық Полиция департаментінің қызметкері, полиция капитаны Нұртас Жұмағазы да болып, 90 келі салмақтағы спортшылар арасында күш сынады.
Нұртас Жұмағазы жеке есепте алтын медель иеленіп, қоян-қолтық айқастан халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.
Сонымен қатар, елордалық полиция қызметкері самбо, кудо, дайдо джуку кудо, панкратион сияқты бірнеше спорт түрінен спорт шебері, грек-рим күресінен спорт шеберлігіне кандидат.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы жүлделі бірінші орынды иеленді.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*