Борисов балуанның алтыны

Ақтөбелік тәртіп сақшысы ІІМ-нің қазақ күресінен өткен чемпионатында үздік атанды.
Ақтөбе облысының Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ сарбазы Александр Борисов Петропавлда өткен чемпионатта 74 келі салмақ дәрежесінде өз қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.
Жарыста барлығы 24 командадан 150-ға тарта қатысушы бақ сынады. Атап айтқанда, полицейлер, құтқарушылар, шекарашылар мен қылмыстық атқару жүйесінің мамандары өзара белдесті.
«Мен 4 белдесу өткіздім. Алғашында шығысқазақстандықпен, екіншісінде қызылордалықпен, үшіншісінде былтырғы Қазақстан чемпионы болған спортшымен күрестім. Оларды анық басымдықпен жеңдім.
Ақтық мәреде қарағандылық әріптесімнен басым түсіп, чемпион атағын иелендім. Жеңісім үшін командирім Қажмұхан Шалтақов пен бапкерім Ақәділ Убаевқа алғысымды айтамын», – дейді чемпион Александр Борисов.
Ол алда қыркүйек айында Үндістанда өтетін самбодан Азия чемпионатына дайындық үстінде.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*