Біржан салдағы жаңа бекет

3 шілдеде Біржан сал ауданының Аңғал батыр ауылында өрт сөндіру бекеті ашылды.
Ол өз жұмысын «Өрт сөндіруші» АҚ-пен келісімшарт бойынша жүзеге асырады. Өрт сөндіру бекеті Аңғал батыр ауылдық округінің 3 елді мекенінде өртке қарсы қорғауды қамтамасыз етеді.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылуына Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі М. Шапағатов, Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары Е. Сабыров және Ақмола облысы «Өрт сөндіруші» АҚ филиалының директоры А. Оразалин қатысты.
Дайындық іс-шаралары кезінде «Өрт сөндіруші» АҚ ғимаратқа жөндеу жүргізіп, шатырын ауыстырды, жаңа қақпалар орнатылып, жылыту жүйесі жөнделді.
Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гаражбен қамтамасыз етілген, телефон байланысы бар. АЦ-40(130) 63Б өрт сөндіру автокөлігі сақадай сай, ол Степняк қаласы 21-ӨСБ балансынан жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілген. Тәулік бойы жауынгерлік кезекшілікке 4 адамнан тұратын жеке құрам түседі.
Ауыл тұрғындары осы бекеттің салтанатты ашылуына үлкен ризашылықпен келді. Жаңадан құрылған команда тілсіз жауды өшіруге шығып қана қоймай, басқа да төтенше жағдайларды жоюға қатысады, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетеді.
Ақмола облысының көптеген шалғай елді мекендерінде өрт сөндіру бөлімшелері жоқ. Осы маңызды мәселені шешу үшін облыс әкімдігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, облыстың шалғай елді мекендерінде өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарын әзірлеп, бекітті. Онда 2020 жылға дейін облыс аумағында 28 өрт сөндіру бекетін құру жоспарланған.
Айта кету керек, бұл өрт сөндіру бекеті Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен «Өрт сөндіруші» АҚ қолдауымен жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша жоспардан тыс құрылып, ашылып отыр.
Бүгінде облыста 21 өрт сөндіру бекеті жұмыс істеп тұр, жыл соңына дейін тағы 6 бекетті ашу жоспарлануда.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*