Теориясыз тәжірибе жоқ

Қазіргі заманғы құқық қорғау жүйесін дамыту талаптарына жауап беретін қызметкердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жүйесін іске асыру кәсіби ортаны нығайтуға мүмкіндік береді және қызметкердің жүктемесін объективті айқындауды қамтамасыз етеді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен тәрбиелік және құқықтық жұмысты арттыру олардың жалпы құқықтық мәдениетін, моральдық-имандылық сапасы мен кәсіби деңгейін дамытуға бағытталатын болады. Жауынгерлік және қызметтік даярлық жөніндегі оқу-әдістемелік орталықтарын жаңғырту қызмет бейіні бойынша қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылы құқық қорғау саласына ерекше көңіл бөліп, құқық қорғау жүйесін реформалауға үлкен мән беріп отыр. Реформалар полицейлердің кәсібилігін жүйелі түрде аттестаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру, жаңа заң жобаларын қабылдау және басты себептерінің бірі қоғамның по¬ли¬цияға сенімін арттыруға бағытталып отыр. Сол сияқты іс-шаралар арқылы құқық бұзушылықтармен тиімді күрес жүргізе отырып, тыныш әрі бейбіт демократиялы мемлекеттің бірлігін нығайтуға септігін тигізеді. Мұның барлығы, әрине, Конституцияның 1-бабында белгіленгендей, Қазақстанда шынайы құқықтық мемлекет орнатуға бағытталған. Қоғамның және мемлекеттің мүдделерін құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауда сапта тұратын полиция қызметкерлері әрдайым жинақы, кез келген жағдайға дайын болуы тиіс.
Осы реформа аясында бұқаралық ақпарат құ¬ралдары арқылы және құқық қор¬ғау қызметкерлерінің өздерінің де күш салуымен тәртіп сақ¬шы¬ла¬рының қоғам алдындағы беделін арттыру жұмыстары жүргі¬зі¬луде.
«Полицейлер – адамдардың құқығын және бостандығын қорғай отырып, қылмысқа қарсы күрес жүргізуде алдыңғы қатарда тұратын адамдар» – бұл Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел полицейлеріне берген бағасы. Сондықтан да болашақта бізге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау қызметінің жо¬ға¬ры халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құқық қорғау жүйесі қажет.
Басты міндет – Ота¬нын шексіз сүйетін ұлағатты ұр¬пақ тәрбиелеу. Осы орайда қазақ¬стандық полиция кадрларын даярлауға қа¬тысты бірқатар идеялар жүзеге асуда. Ең алдымен құқық қорғау мамандарын патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесін жол¬ға қою керек. Бұл саланың басты мақ¬саты – Отанын жанындай жақсы көретін жоғары парасатты, дүниетанымы мен ой-өрісі кең, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қыз¬метте азаматтардың конституциялық құ¬қық¬тары мен бостандықтарын бұзуға жол бермей, Қазақстан Республикасының заңдарын, ІІМ-нің шешімдерін қатаң сақтайтын аза¬мат¬тарды ішкі істер органдары қатарына қабылдау. ІІО-да жұмыс істеу – нысанды киім кию ережесін бұлжытпай сақтау, жинақы және ұқыпты болу ғана емес, ол өз өмірін Отанына қызмет етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмысқа қарсы күреске, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға арнау.
Полиция қызметінің тиімділігін артты¬ру үшін ең бірінші ішкі істер органдарында қызмет етудің беделін арттыру керек екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Ал бұл дә¬режеге біз ІІО-ға биік саналы азаматтарды алу арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Ішкі тәртіп, құқық қорғау қызметінің маңызын арттыру жалпы халықаралық тұрғыдан да маңызды болып отырғаны жасырын емес. Сол себепті де біз ішкі істер органдарына кадр даярлауда мамандардың кәсіби біліктілігін, білімін арттырумен шектелмеу керек екендігін ұғындық.
Осы тұрғыда еліміздегі ІІО-ға мамандар дайындайтын көне оқу орындарының бірі – ІІМ Б. Момышұлы атындағы Оқу орталығының алдына қойған мақсаты – түлектердің интеллекті дамыған, кәсіби тұрғыда жақсы дайындалған, моральдық жағынан ұстамды, өзінің қызметіне берілген ішкі істер органдары қызметкерлерін дайындау. Теориясыз тәжірибе жоқ. Білім алып жүрген тындаушылардың, таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру және қызықтыру мақсатында Оқу орталығы түлектерін шақырып, сабаққа қатыстыру үрдіске айналған. Бойына борыш пен намысты, ар мен адал¬дықты серік етіп, қоғамымыздағы тыныш¬тық¬ты сақтауға, қылмыспен күресте аянбай еңбек етуге тәрбиеленуде.
Ішкі істер органдарының қызметкерлері қызметте, тұрмыста айналасындағылармен жоғары әдептілік пен этикалық қарым-қатынастың үлгісін көрсетуге, іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық ережелерін құрметтеуге үйретеміз.
ІІО-да басқа қызметкерлердің тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне, мүдделер қақтығысына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға, жолын кесуге және ІІО қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға тиіс.
Қай мамандық болмасын, өз ісіңнің асқан шебері болуға тырысқан дұрыс. Ал білімі бар, патриоттық сезімі жетерлік, іскер, мақсатшыл, ерік-жігері мығым болу – ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын басты талап. Полиция қызметінің қыр-сырын меңгергісі келіп, қызығушылық танытып тұрады. Білімді, ой түйсіктерін жетілдіріп, соңғы жаңалықтардан құлағдар болып отыратын мінездеріне көңілім толады. Көлденең кездескен тосқауылға түңілмей, өзін-өзі шыңдап, қысыла түссе, онда сол адамнан үміт күтуге болады.

Нұржан ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
Оқу орталығы «Арнайы пәндер» циклының аға оқытушысы,
заң ғылымдарының кандидаты

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*