Жастар арасындағы жарыс

Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыс көлемінде орта және арнаулы орта, жоғары оқу орындары арасында есірткіге қарсы кешенді шара ұйымдастырды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдер бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы иммунитетті дамыту, саламатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау.
Сайысқа 38 оқу орны қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой-пікірлерімен бөлісті.
Сайыскерлер тақырыпқа байланысты ізденіп, фестивальді өткізу бағыттары бойынша 7 үміткер қол өнеріне баулу бағыты, 4 үміткер есірткіге қарсы ән, би, бал билері бағыты, 3 үміткер гүлдер бағыты, 2 үміткер тағамдар әзірлеу бағыты, 5 үміткер фотосуреттер бағыты, 11 үміткер плакаттар бағыты, 2 үміткер қолдан жасалған ұшақ, тікұшақ, ракета макеттерінің бағыты, 4 үміткер сәндік бағыттар бойынша өз өнерлерін көрсетті.
Сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталатын болады.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*