Әуезовтің домбырасы

5 шілдеде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Достық үйінде Ұлттық мәдениет күні, Домбыра күні және Елорда күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті. Оған Академия атынан курсанттар да қатысып қайтты.
Шарада әртүрлі ұлттық киімдердің және домбыралардың көрмесі ұйымдастырылып, ұлттық тағам түрлері қойылды. Көрмеге Академия мұражайының жәдігері – Шырақбек Қабылбаевтың домбырасы қойылды. Мұхтар Әуезовтің өзі жасатқан, өз қолымен ойнаған бұл домбыра басқа домбыралардан өзгеше. Сыры да бөлек, жыры да бөлек. Көрмеде домбыраға қызығушылық білдірушілер көп болды.
Іс-шара барысында көпшілік қауым Академия курсанттарынан бұйымтай сұраған болатын. Курсанттар арасынан қаймықпай 102-топ курсанты, полиция қатарындағы Дарын Аманжолов суырылып шығып, «Адай» күйін құйқылжыта ойнап берді. Көпшілік дән ризашылығын білдірді.
Басқа ұйымдардың жезтаңдай әншілері мен мың бұралған бишілер де қалыс калмай, өз өнерлерімен тәнті етті. Іс-шарада ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы алғыс хатпен марапатталды.
Домбыра күні деңгейде тамаша аталып өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар көпшіліктің ыстық ықыласы мен ризашылығына бөленді.

Д. ҚАРЫМСАҚОВА, Қостанай қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*