Буревестниктегі жаңа бекет

Жуырда Науырзым ауданының Буревестник ауылында кезекті өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті.
Шараға Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Р. Орынбеков, Науырзым ауданы әкімінің орынбасары Р. Орманов, Буревестник ауылының әкімі С. Нұрғазин, «Буревестник – Агро» ЖШС директоры Ю. Башарин, Науырзым ауданы ТЖБ бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау майоры А. Ташмағамбетов, БАҚ өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.
Қостанай облысында құрылған бұл бекет саны бойынша 23-ші және Науырзым ауданында 2-ші болып тіркеліп отыр. Осындай бекет 2017 жылы Дәмді ауылдық округінде ашылған болатын.
Өрт бекеті ғимаратында демалыс және тамақтану бөлмелері, техниканы орналастыруға арналған бокс бар. Газ-53 базасындағы АЦ-30 өрт сөндіру автокөлігі техникалық жарамды жағдайда, қажетті өртке қарсы жабдықпен жабдықталған. Бекеттің штаттық саны 5 адамды құрайды. Олардың барлығы арнайы бағдарлама бойынша департаменттің кәсіби дайындық мектебінде оқудан өткен. Біліктілік комиссиясының сынақтарын тапсырғаннан кейін оларға лауазымы бойынша бастапқы дайындықтан өткендігі туралы куәлік берілді.

Қостанай облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникация тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*