Латыншаны үйрену – кезекті белес

Батыс Қазақстан облыстық Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен мамыр-маусым айларында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде мемлекеттік тілді меңгерту курсы өтіп, оған 29 қызметкер қатысты.
Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге орай мемлекеттік тілді еркін меңгерту мақсатында ұйымдастырылған курстар аясында полиция қызметкерлеріне сабақ жүргізген оқытушы Гүлгүл Мұқанғалиева қызметкерлерді жаңа әліпбимен таныстырып, оның негізіндегі қазақ тілі емлесінің кейбір ережелерін түсіндірді. Сабақтарды оқытудың жаңа үлгісінің тренингпен басталуы қызметкерлердің қызығушылығын оятып, тілді меңгеру ниетін арттыра түсті.
Жалпы тәртіп сақшылары курсқа аса қызығушылықпен қатысып, соңында алған әсерлері және түйген ой-пікірлерімен бөлісті. Департамент психологі, полиция капитаны Самал Омарғалиева: «Сабаққа бар ынтаммен қатысып, латын графикасы бойынша өзім білмейтін көп мәлімет алдым. Әсіресе, актер-әктөр-aktór, цемент-семент-sement, компьютер-компүтір-kompúter тәрізді кірме сөздердің төл дыбыстармен дыбысталып, сингармонизм заңдылығына бағынғаны үшін қатты қуандым», – деп өз пікірін айтты.
Дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру мақсатында курс латын қәрпіне негізделген жаңа әліпби бойынша диктант жазумен аяқталды.

Батыс Қазақстан облысының ПД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*