Қарағандылық жастардың қарымы

Қарағанды облысында «Жас құтқарушы» сайысының қорытындысы шығарылды.
Орталық мәдениет және демалыс саябағының аумағында «Жас құтқарушы» облыстық жарысы өтіп, оған қалалық және аудандық жарыстардың қорытындысы бойынша ең мықты командалар қатысқан болатын. Олардың қатарына Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Шахтинск, Саран қалаларының және Бұқар жырау, Осакаров, Шет аудандарының 10 құрама командасы кірді.
Жарыс балаларды төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындау, патриоттық тәрбие беру және азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау, өз-өзіне және өзара көмек көрсету тәсілдерін зерделеу мақсатында өтті. Осындай іс-шаралар оқушыларға өз күштерін, білімдерін және іскерліктерін нақты бағалауға мүмкіндік береді.
Жарысқа Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығының №52859 әскери бөлімі қатысты.
Қатысушылар үшін ТЖД бөлімшелерінің апаттық-құтқару техникасы мен жарақтарының көрмесі ұйымдастырылды.
№52859 әскери бөлім балаларға ыстық тамақ ұйымдастырды. Барлық қатысушылар тәттілер алды.
Жарыс бағдарламасына «Визит карточкасы» конкурсы, алғашқы медициналық көмек көрсету, қабырға газеттерінің байқауы, капитандар сайысы, «Жауынгерлік қанат жаю», «Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары», «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» сайыстары кірді.
Жарыс қорытындысы бойынша Осакаров ауданының жас құтқарушылар командасы «Визитная карточка» байқауына қатысып, капитандар байқауында жүлделі үшінші орынға ие болды.
Жезқазған атынан келген команда «Жауынгерлік қанат жаю» және «Табиғи орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары» дистанцияларында бірінші орынға ие болды.
Қарағанды қаласының жас құтқарушылары барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша «Жас құтқарушы» облыстық жарысының жеңімпаздары атанды.
Сонымен қатар, жеке кезеңдерде жүлделі орындарға ие болған командалар құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қатысушыларға алғыс хаттар, дипломдар, естелік сыйлықтар мен медальдар табыс етілді. Ал жеңімпаз командаға кубок берілді. Жеңіске деген жігерлері ескеріліп, жүлделі орын алмаған командалар да сыйлықтармен марапатталды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*