Заманға сай тергеу изоляторы

Пенитенциарлық мекемелердегі адамдардың құқықтық жағдайын бақылау халықаралық құқық қорғау стандарттарында бекітілген көзқарастар тұрғысында, осы саладағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру мақсатын көздейді. Ол Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде, Қинауға қарсы және қатаң, адамдыққа жатпайтын немесе ар-ожданды кемсiтумен қатынас жасау мен жазалау түрлеріне қарсы, Құқықтық тәртіпті қолдау жөніндегі лауазымды адамдардың мінез-құлқы кодексінде бекітілген.
Пенитенциарлық мекемелердегі адамдардың құқықтарын сақтаудың негізгі мәселелері халықаралық стандарттар мен ұлттық заңнама нормаларында регламенттелген. Олар мынадай құқықтар тобын сөзсіз қамтамасыз етеді: ізгілік қарым-қатынасқа және жеке адамдық ар-ожданға, сыйластыққа құқық; тиісті талаптарға жауап беретін ұстау жағдайларына құқық; медициналық қызметке құқық; тергеу изоляторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге құқық; әлеуметтік оңалтуға құқық; сыртқы дүниемен байланыс жасау құқығы; шағымдану құқығы.
Сотталғандарды түзеуге қамқоршылық кеңестер мен қоғамдық байқау кеңестері, сотталғандардың ата-аналары, еңбек ұжымдары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, қоғамдық қорлар мен қайырымдылық қорлары, саяси партиялар, басқа да ұйымдар, сондай-ақ, азаматтар әлеуметтік және өзге де мониторингтер жүргізу, қылмыстық атқару қызметі саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және қоғамда талқылауға қатысу, сотталғандарға гуманитарлық және қайырымдылық көмектерді іздестіруге, беруге, оның бөлінуіне және пайдаланылуын байқауға қатысу, қылмыстық атқару жүйесінің қызметін жетілдіруге және сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмекке бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыру, жазаны және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін нысандарда өзге де жәрдем көрсету арқылы қатыса алады.
2014 жылы 5 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Қылмыстық атқару ко¬дексін¬¬де ұлттық алдын алу тетігі, қоғамдық байқау комиссиясы жөнін¬де қағидалар қарастырылған. Қы묬мыс¬тық атқару кодексінің жа¬ңа ре¬дак¬циясы жаңалықтарының бі¬ріне сотталғандарды ұстау және қоғамнан оқшау¬лау дәрежесіне байланысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын түзеу мекемелерінің қолданыстағы атауларын өзгерту жатады.
Бас бостандығынан айыруды саралап орындаудың қазіргі заманғы жағдайында түзеу мекемелерінің атауындағы «режим» сөзі, яғни ұстау режимі – құқықтық институтты біркелкі түсінуге кедергі келтіреді. Осыған байланысты мынадай атаулар енгізілді: қауіпсіздігі барынша төмен мекеме – қоныс-колониясы; қауіпсіздігі орташа мекеме – жалпы режимдегі түзеу колониясы; кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа оқшаулау мекемесі – тәрбиелеу колониялары; толық оқшаулау мекемесі – қатаң режимдегі түзеу колониясы; қауіпсіздігі барынша жоғары мекеме – ерекше режимдегі түзеу колониясы; төтенше оқшаулау мекемесі – түрмелер; қауіпсіздігі аралас мекеме – тергеу изоляторы.
Қылмыстық атқару жүйесінің барлық мекемелерінде жазаны өтеуді біріздендіруді және сотталғандардың жазаны түрмеде көзделгендей «төменгі» сатыда емес, «орташа», яғни дағдылы жағдайларда өтеуді бас¬тау туралы қағиданы белгілеуді қамтамасыз ету үшін қоныс-колонияда, түрмеде ұстаудың әртүрлі жағдайлары белгіленеді. Сотталғанның жазаны өтеу кезіндегі мінез-құлқын бағалау үшін мінез-құлық дәрежесі белгіленген. Ол жазаны өтеудің дифференциалды жағдайына егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді және сипаттайтын материалдарды құрастыру кезінде ескеріледі.
Ал, тергеу изоляторында: өздеріне қатысты қозғалған қылмыстық iс тергеу және анықтау органдарының өндiрiсiне қабылданған күдiктiлер мен айыпталушылар; өздеріне қатысты қозғалған қылмыстық iс соттың өндiрiсiне қабылданған күдiктiлер мен айыпталушылар; қылмыстық iс бойынша айыптау үкiмi әлi заңды күшiне енбеген сотталғандар; басқа да қылмыстық iстер бойынша жауапқа тартылып, бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу қолданылған сотталғандар; қылмыстық iс бойынша қылмыстық жазаларын белгiленген тәртiппен бас бостандығынан айыру түрiнде немесе еркінен тыс емдеу мекемелеріне жiберуге жатқызылған сотталғандар; өзге адамдар жасаған қылмыстар бойынша тергеу жүргiзiлуiне немесе бұл iстердiң сотта қарау үшін тергеу изоляторында қалдырылған немесе оған жазаны орындаушы мекемелерден ауыстырылған сотталғандар қамауда ұсталады.
Қауіпсіздігі аралас мекемеде шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшін жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу тағайындалған, бес жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады. Шаруашылық жұмысты атқаруға қалдыру және еңбекке тарту туралы шешім қауіпсіздігі аралас мекеме бастығының қаулысы бойынша олардың келісімімен жүзеге асырылады.

Есболат ЖІГІТОВ,
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД
ГМ-172/10 мекемесінің бастығы,
әділет подполковнигі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*