Полиция қызметі – жұртшылық назарында

Қазақстан полициясы күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары полицияның қалай жұмыс істейтінін көрді. Жуырда Қостанай облысы Полиция департаментінде «Ашық есік» күні өтті.
Ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлері полицияның қару-жарағын және әскери техника мен жедел басқару орталығының жұмысын көрсетті. Сондай-ақ, келушілер полиция мұражайында ішкі істер органдары қалыптасуының негізгі кезеңдерімен танысты.
Мәселен, Жұмасұлтановтар «Ашық есік» күніне бүкіл отбасымен келген. Оларға Жедел-криминалистикалық басқармасы ұсынған экспозиция ерекше ұнады. Мұнда георадар, топырақта түрлі заттарды табуға көмектесетін құрал бар. Сондай-ақ, көздің жасырын дақтарын, соның ішінде қанын көруге болатын жарық көздерінің жиынтығы. Одорологиялық чемодан-қылмыс орнынан иіс іздерін алуға арналған.
– Маған полицияның қалай жұмыс істейтінін білу өте қызық. Мұнда жұмыс істеуге және қылмысты ашуға көмектесетін техникалар көп. Осындай іс-шара маған қатты әсер қалдырды, – дейді Жадыра Жұмасұлтанова.
Көптеген полиция қызметкерлері іс-шараға өз балаларын ерте келген. Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары, полковник Людмила Гарашованың қызы Анабель анасының жұмысын көріп қуанды.
– Кәсіби мереке қарсаңында біз күрделі, бірақ өте қажетті мамандықты таңдағанымызды мақтан тұтамыз. Мүмкін менің қызым да менің ізімді жалғайды, – дейді Людмила Гаражова.
Бұл күні қызметте көзге түскен және ерлік жасаған қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі де өтті. Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Бекет Аймағамбетов полицияда үлкен өзгерістер жүріп жатқанын атап өтті. Кәсіптің беделі өсуде, жалақы өсуде, қызметте мансаптық өсу мүмкіндіктері кеңейтілуде, қызметкерлер үшін әлеуметтік пакет күшейтілуде. Бірақ, бір мезгілде қоғам тарапынан полицияға қойылатын талаптар да артып жатыр.
Департамент бастығы әріптестеріне өз ісіне лайықты қызмет етуді және өз абыройын сақтауды тіледі.
Қала тұрғындары үшін полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерт өтіп, бір жарым мыңнан астам қала тұрғыны тәртіп сақшыларының жұмысын тамашалады.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, Қостанай облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*