Академия командасы – бас жүлдегер

Жуырда тұңғыш рет Қостанай қаласында «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ және «Саналы ұрпақ – 2050» ҚҚ Қостанай облысының киелі жерлері бойынша «Рухани жаңғыру» атты квест-тур өткізді.
«Рухани жаңғыру» квест-туры – түрлі бағытта ұйымдастырылып жатқан қызықты жобалардың бірі. Бұл іс-шара археология және этнология саласындағы біліміңді шыңдап, сондай-ақ, өзіңе бейтаныс жаңа қырларды ашуға, кәсіптік біліктілігіңді одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.
Шараға 10 команда белсенді түрде қатысты. Командалар арасында Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының «Қабылбаев ұрпақтары» командасы да қатысты. Команда 4 қатысушыдан құралды. Академия қызметкерлері Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, полиция майоры Р. Аужанов және КжСОФ 3-курсының аға-оқытушы әдіскері, полиция майоры Б. Әлпейісов, сондай-ақ, КОФ 3-курсының курсанттары қатарынан 2 курсант қатысты.
«Рухани жаңғыру» квест-туры аясында Ы. Алтынсаринның мемориалдық кешеніне, Қараменді ауданына, Амантоғай, Амангелді, Тасты ауылдарына барған қатысушылар өлке тарихын тереңнен танып білуге мүмкіндік алды.
Квест-турдың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, азаматтардың әлеуметтік жауапкершілік және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, жастарды сан ғасырдан бері келе жатқан тарихымызды, мәдениетімізді, туған өлкеміздің ұлттық құндылықтарын дәріптеуге шақыру, сонымен қатар, жалынды жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушы командаларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар берілді. Ал Академия командасы – 1-орынды иеленіп, 100 000 теңге көлеміндегі сертификатты ұтып алды.
Осы ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға қатысып, атсалысу Академия үшін үлкен мәртебе және аталмыш квест қатысушыларды ерекше әсерге бөледі.

Қостанай Академиясының баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*