Жол ережесін білу – жетістік

Алматы облысында жеткіншектерге жол жүру ережелері бойынша конкурстар ұйымдастырылды.
«Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жазғы лагерьде демалушы балаларға жол қозғалысы бойынша қызықты конкурстар ұйымдастырылды. Жол қозғалысының жас инспекторлары өткізген байқау демалушылардың көңілінен шығып, белсенділік танытқан балалардың барлығына естелік сыйлықтар табыс етілді.
«Республикалық іс-шара аясында мәні зор бастаманы қолға алдық. Жол жүру ережесін балалар мүлтіксіз сақтауы қажет. Өскелең ұрпақ жол қозғалысында ешқандай қателік кешірілмейтінін сезінуі тиіс. Өйткені, қателік соңы қайғылы жағдайға душар ететіні анық. Полиция көмекшілері – жас инспекторларға ризашылығымызды білдіреміз», – деді Алматы облысы ПД өкілі Айжан Әліпбайқызы.
Облыстық полицейлердің ақпаратына сәйкес, жол қозғалысындағы балалар жарақатының алдын алу және оны болдырмау бойынша жүйелі жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Биыл облыс көлемінде 220 жол-көлік оқиғасында жасөспірім балалар зардап шеккен. Соның нәтижесінде 10 бала қайтыс болып, 220-ден астамы әртүрлі дене жарақатын алған.
«Жол жүру ережелерін үйретіп, оларды түрлі викториналар мен ойындар арқылы есте сақтауға, өмірде орынды қолдануға бағытталған іс-шаралар жазғы лагерь маусымының соңына дейін жалғасады», – деп атап өтті облыстық полиция өкілі.

Алматы облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*