Көкше жеріндегі көрікті шара

Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция полковнигі Алексей Калайчиди Көкшетау қаласында өткен жас полиция қызметкерлері мен олардың тәлімгерлері форумының жабылуына қатысты.
Шараға құрметті қонақ ретінде қазақстандық полицияның қалыптасуына елеулі үлес қосқан ардагерлер – генерал Осман-Рустамбек Бижігітов, генерал Серімжан Досымов, генерал Төлеген Рақымжанов, генерал Борис Цхай, генерал-лейтенант Абай Тасболатов, сондай-ақ, полиция полковнигі Бақытжан Бейсеев, ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ибрагим Сейтқожинов қатысты.
Пленарлық отырыста ІІМ басшылығы атынан іс-шара қатысушыларына Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди құттықтау сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол ішкі істер органдары кәсіби кадрлық ортаны сақтауға, үздік дәстүрлерді қолдау мен сақтауға қандай көңіл бөлетінін осы форум айғақтап тұрғанын атап өтті, сондай-ақ, ІІО реформасының жол картасын іске асыру барысы туралы сөз сөйледі.
Атап айтқанда, жол картасы шеңберінде полиция қызметкерінің жаңа стандарты жасалды, оның жеке және кәсіби сапасына қатысты ұсынымдар берілді, одан басқа, ұйымдастырушылық-штаттық құрылымды оңтайландыру жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Сонымен бірге, еңбекақы төлеу жүйесі мен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жақсарып келеді, лауазымдық жалақы көтьерілуде, баспана проблемаларын шешу тетіктері жасалып, заманауи технологиялыр енгізілуде. Алексей Калайчиди өз істерінің нағыз мамандары болып шығуды, адал, Қазақстан полицейі деген үлкен атқа сай болуды тіледі.
Ардагерлер атынан форум қатысушыларына ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлері қазақстандық кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков сөз арнады. Қазіргі күні Өмірзақ Қоспанұлы басқаратын ардагерлер ұйымында 65 мыңнан аса адам бар. Кеңес отырыстарында зейнеткерлік және медициналық қамтамасыз ету, отставкадағы офицерлердің жас қызметкерлерді отаншылдыққа тәрбиелеу ісіне қатысу мәселелері талқыланады.
Форум жұмысының ресми бөлігінде Қазақстанның әр өңірінен келген жас қызметкерлер өз кәсіптері туралы әңгімелеп, осы салаға дайындап, маман қылып шығарған тәлімгерлеріне алғыстарын жаудырды. Ал тәлімгерлер болса, жас полицейлерді тәрбиелеу жұмысының тиімді тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы алғанда, форум қатысушылары назарына кең көлемді бағдарлама ұсынылды. Көкшетау қаласы № 26 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында ПД Оқу орталығының қызметкерлері қонақтарға арнайы құрал-жабдықтар, қару-жарақ және арнайы техника үлгілерін көрсетті. Жедел қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері демонстрациялық көрсетілімдер жасап, қоян-қолтық айқас, бронды транспортерлерді пайдаланып, блоктау элементтерін қолданатын көлік құралдары тәсілдерін форум қонақтарының назарына ұсынды.
Көкшетау техникалық институтының курсанттары көпшілікке ІІМ әскери қызметшілерінің, ЖҚАЖ-ның жауынгерлерінің дағдылары мен қабілетін танытты. ПД кинологиялық қызмет орталығының мамандарының қатысуымен және қызметтік иттердің көмегімен қарулы қылмыскерді құрықтау тәсілін көрсетті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген форум қатысушыларының коммуникациялық дағдыларын кеңейту мақсатында облыстық Полиция департаментінің психологтары олармен табиғатта тренингтер өткізді.
Республикалық форумға қатысушылар Ақмола облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловтың бастамасымен 220 шаршы метрге дейін кеңейтілген және жаңартылған ведомстволық мұражаймен арнайы танысты. Бүгінгі таңда мұражайда 5 600-ге жуық экспонат бар.
Жас полиция қызметкерлері Ішкі істер министрінің орынбасары және арнайы шақырылған қонақтармен ІІО Ардагерлерінің Аллеясында бас қосты. Форумға келген делагаттар қызмет барысында қаза болған полиция қызметкереріне арналған монумент және Парламент Сенатының депутаты (1995 – 2002), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, ІІМ ардагері, милиция полковнигі Қайролла Ескендіровке арналған ескерткіш тақта алдына гүл шоқтарын қойды.
Республикалық форумның жабылу салтанатында оның қатысушыларына сертификаттар берілді және шара соңы мерекелік ән кешіне ұласты.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*