Үлкенге құрмет – үлгілі іс

Ақмола облысы ішкі істер органдарының ардагерлері ведомстволық санаторийден ем алып қайтты.
Демалып, денсаулықтарын түзеп қайту мүмкіндігін ақсақалдарға тәртіп сақшылары сыйлады. Полиция қызметкерлері Қазақстан полициясы күніне орай аға буынға тосын сый жасады.
Барлық қажетті процедураларды алып, емделуді қажет ететін ақсақалдарға жеке құрам бір күндік жалақы бөлді. Осылайша, 10 адамнан тұратын бірінші делегация оңтүстік астанаға аттанды. Мұнда Ішкі істер министрлігінің ведомстволық шипажайы жұмыс істейді.
10 күн ішінде ішкі істер органдарының еңбек сіңірген ардагерлері, ақсақалдар кешенді санаториялық ем алып, барлық қажетті процедуралардан өтіп, күш-жігер жинап қайтты.
Айта кету керек, делегацияны медициналық қызметкер және облыстық ПД кадр қызметінің қызметкері сүйемелдеді.
Денсаулықтарын түзеген ардагерлер өз әсерлерімен бөлісіп жатты. Атап айтқанда, Полиция департаментінің басшылығына, генерал-майор Берік Біләловқа, кәсіби мереке қарсаңында көрсеткен қамқорлығы үшін барлық жеке құрамға жылы лебіздерін білдірді.
Болашақта осындай қайырымдылық акцияларын жалғастыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, департамент қызметтерінің басшылары мен аудандық бөлімшелердің бастықтары үшін ведомстволық госпиталь базасында емделуден өту үшін арнайы кесте әзірленді.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*