Сотталғандарға септігі көп басқосу

Жуырда Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Жетісу аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығында өткен сотталғандарды оңалту тақырыбына арналған конференцияға қатысты.
Олар шара барысында «Пробация туралы» Заң нормалары, пробация есебінде тұрғандарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ақпараттарға қанықты.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын іске асыру жолдары тілге тиек болды.
Конференцияға Алматы қаласы ХЖҚО директоры М. Сүйіндіков, Алматы қаласы Жетісу аудандық Пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны Ж. Анабиева, Жетісу ауданы прокурорының көмекшісі И. Исаев қатысып, сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесін талқылады.
Конференция барысында сотталғандар бюджет қаражаты есебінен мамандықтарды игеру және білім алу, әрі қарай жұмысқа орналастыру бағдарламаларымен танысты. Оларға «жұмыссыз» мәртебесін алу үшін құжаттарды тапсыру тәртібі түсіндірілді. Сотталған адамдар арасында олардың кешенді стратегияны іске асыру нәтижелері туралы пікірін зерделеу тұрғысынан сауалнама жүргізілді.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*