Соғыс ардагерлерін марапаттады

Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тургумбаевтың тапсырмасы бойынша Петропавлда Ұлттық ұланның ақпараттық-насихат тобының жұмысы шеңберінде «Ұлы дала ұландары» атты Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің мерекелік концерті өтті.
Ансамбльдің гала-концертіне жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 6637 әскери бөлімнің жауынгерлері және олардың отбасы мүшелері, тәжік-ауған шекарасында қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналары мен туыстары шақырылды.
Іс-шараны ақпараттық топ жетекшісі, генерал-майор Мұхметқали Сатов ашып, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың батырлық ерлігін атап өтті. Соғыс ардагерлері Степан Башкиров, Дмитрий Сергеев және Иван Клименко Ішкі істер министрінің және Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының атынан бағалы сыйлықтар мен «Құқықтық тәртіп әскеріне – 25 жыл» естелік медальдарымен марапатталды.
Шараға әскери, классикалық және эстрадалық музыка арқылы өнер әлеміне енген 600-ге жуық қонақ пен қала тұрғындары қатысты. Әскери ансамбльдің орындауында заманауи әуендер мен соғыс жылдарындағы композициялар шырқалды.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*