Сыр еліндегі тәртіп сақшыларының берекелі отбасы

Отбасы – дәстүрдің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор да – отбасы. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді.
Қазақта: «Отан отбасынан басталады», – деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым – отбасы болса керек. Осы ретте Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығында кезекші инспектор болып еңбек ететін полиция капитаны Серік Ерболатұлы мен оның жұбайы, кіші сержант Анар Сағынышқызының отбасы туралы айтуға болады.
Жас отбасы 2008 жылдан бері жұптары жарасып, үлкен өмірге бірге қадам басып, отау тіккен. Қазіргі таңда екі полиция қызметкері көпке үлгі. Олар Жанерке, Мерей және Райана есімді үш моншақтай қыз тәрбиелеп отыр.
Полиция қызметкері Анар Сағынышқызы 2007 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ колледжін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінде «заңгер» мамандығы бойынша білім алуда. 2018 жылдың сәуір айынан бастап кіші сержант ішкі істер органдарында қызмет атқаруда.
Ал отағасы полиция капитаны Серік Ерболатұлы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ды 2006 жылы «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Содан бері ішкі істер органдарында өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді.
Ел тыныштығын күзеткен бұл тәртіп сақшыларының отбасы қызметте алған мол тәжірибелерін кейінгі ұрпағына да дарытары сөзсіз.

Қызылорда қаласының ПБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*