Түлектер тыныштығын қадағалайды

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері мектеп бітіру кештерін өткізу кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалайтын болады.
12-21 маусым аралығында Нұр-сұлтан қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде бітіру кештері өтеді.
Осыған байланысты, полиция қызметкерлері іс-шаралар өтетін жерлерде қоғамдық және жол қауіпсіздігін сақтау және қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауда. Әр білім беру ұйымына департаменттің полиция қызметкерлері бекітілген.
Қоғамдық тәртіпті күзетумен қатар, мектеп бітіру кештерінде тікелей іс-шаралар өтетін орындардың жанында патрульдік полиция жасақтары кезекшілік етеді. Жол және қоғамдық қауіпсіздікті 400 полицей мен 40 автопатруль жүзеге асыратын болады.
Бұдан бұрын полицейлер оқу орындарының оқытушылар құрамымен профилактикалық әңгімелер өткізіп, негізгі қауіпсіздік шаралары туралы айтқан болатын.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салады (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі, 2-бөлігі, 3-бөлігі «кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болуы» (ескертуден бастап айыппұлға дейін 15 АЕК).

Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*