Алашордашылар туралы мәлімет

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Арнайы мемлекеттік мұрағатында Ашық есік күні өтті.
Мұрағаттың алғашқы қонағы – облыстық полиция ведомствосының басшысы, полиция полковнигі Марат Төлебаев болды. Департамент бастығы тарихи мұраны жұртқа таныту жұмысын одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті: «2014 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті қорларынан полиция бөліністеріне құжаттар тапсырылды. Осы құжаттарды сақтаумен қатар, сіздер тарихи материалдармен белсенді жұмыс істеп, үкіметтік емес ұйымдарды, жұртшылықты тартып, жеке құраммен және жас солтүстікқазақстандықтармен жүргізілетін тәрбие жұмысына елеулі үлес қосып келесіздер», – деді ол.
Ашық есік күнінде полиция мұрағатында жүргізіліп жатқан жұмыстар көрсетілді. Іс-шараға Назарбаев зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушылары, облыстық өлкетану музейінің қызметкерлері, қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары қатысты. Осы жылы мұрағат қызметкерлері «Алашордашылар галереясы» жобасын, яғни «Алаш-Орда» қозғалысына қатысқаны үшін сотталған есімі белгілі 6 алашордашы туралы материал ұсынды. Облыстық мемлекеттік мұрағат директоры Сәуле Мәлікова жас меймандарға алашордашылар туралы егжей-тегжейлі айтып берді және мұрағат қызметкерлеріне осы маңызды тақырыптың әзірленуіне үлес қосқандары үшін алғыс білдірді.
Шақырылған қонақтардың бірі – облыстық еврей мәдени орталығының төрағасы Рашбиль Евдаевқа мұрағат қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысында қуғын-сүргінге ұшыраған еврейлердің тізімін тапсырды. Құғын-сүргінге ұшырағандардың ұлттар негізінде жасалған осындай тізімдері өткен жылы құрылған болатын. Мұндай тізімдер облыстың барлық дерлік этномәдени бірлестіктеріне берілді. Материалдарды талдай отырып, мұрағат қызметкерлері құғын-сүргінге ұшырағандардың тізімін жұмыс түрі және басқа да критерийлер бойынша жасайды.
Отбасылық тарихтың қайғылы парақтарын қалпына келтіруге көмектесіп жатқан мұрағат қызметкерлерінің жұмысы туралы қуғын-сүргінге ұшырағандардың туыстары айтып берді. Қала тұрғыны Галина Герасимованың сөзінше, арғы атасы 1937 жылы Петропавлдағы ауруханаға соқырішекпен жатқызылған. Жұбайы оның халін білуге келгенде, науқас палатада болмаған. Дәрігер оған: «Оны іздемегенің жөн», – деген… Герасимовтар отбасы 80 жыл бойы аталарының тағдыры жайында хабарсыз болған. Галина 2016 жылы полиция мұрағатына жүгініп, атасының атышулы 58-бап бойынша айыпталғанын және жан түршігерлік үкім туралы білді.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД Ақпараттық-аналитикалық орталығының бастығы, полиция полковнигі Самал Құсайынова ашық есік күніне келген оқушылардың тарихпен танысуын жалғастыру үшін оларды Полиция департаментінің музейіне шақырып, тарихи материалмен жұмыс істеу – жүктелген тікелей міндеттерге жатпаса да, мұрағат қызметкерлері үшін адами борыш болып саналатынын атап өтті. Қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*