Есірткісіз болашақ үшін

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық іс-шарасының ашылуы қарсаңында құқық қорғау және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп атқарылатын іс-шаралар кезінде туындайтын мәселелер бойынша нұсқаулық кеңес өтті.
Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Байжан Байгелді төрағалық еткен нұсқамалық кеңеске департаменттің басшы құрамы, Қызылорда облысының прокуратурасы, Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, Экономикалық тергеу департаменті, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, ІІМ Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімі, ҰҚК ШҚ 2019 әскери бөлімі, Қызылорда стансасындағы Желілік полиция бөлімі, Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, Жер қатынастары басқармасы, Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдері және барлық аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары аудио-селекторлық режимде қатысты.
Кеңесте 1 маусым мен 30 қазан аралығында республика көлемінде өтетін кең ауқымды «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында құқық қорғау және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп атқарылатын іс-шаралар кезінде туындайтын мәселелер жөнінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ерболат Тұрахметов баяндама жасады.
Мәселен, есірткі алқаптарын анықтау және жолын кесу бағытында тек ішкі істер органдарының күшімен ғана емес, басқа да құзырлы органдарды жұмылдырып, есірткі алқабы анықталған жер учаскесінің иесіне қатысты шешім қабылдау, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған қожалықтың жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралды.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*