Заңсыздыққа қарсы 12 күн

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері елімізде 1 маусымнан бастау алған «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанына қатысты.
Жазғы демалыс кезеңінде көптеген жоғары сынып оқушылары жүріп-тұру шығындары үшін ақша тапқылары келеді. Талпыныс қуантарлық, дегенмен оны қатаң түрде заңға сәйкес жүзеге асыру орынды. Мүдделі қызметтердің және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп ювеналдық полицейлер жасөспірімдер сатушы болып, кей кездері жүк тиеуші ретінде жұмысқа орналасатын белгілі сауда нүктелері мен көңіл көтеретін орындарды, вокзалдарды тексереді.
«Бүгінгі күні облыста 541 рейдтік іс-шара жүргізіліп, 654 объект тексерілді, – деп хабарлайды облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов. – Акцияның мақсаты – ақпараттандыру, сондықтан ерекше көңіл профилактикаға бөлінеді. Кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасының негізін түсіндіру. 18 жасқа толмаған адамдарға түнде жұмыс істеуге болмайды, әсіресе түнгі көңіл көтеретін орындарда, олардың жұмыс күні 4 сағаттан аспауы қажет. Жасөспірімдерге ауыр жұмыстарды немесе имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарды орындауға болмайды».
Түнгі рейдте 29 құқық бұзушылық анықталды. Оның арасында кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, жасөспірімдердің түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде болуы сынды жайттар бар. Мәселен, сағат 23-ке дейін үйіне келмеген 16 жастағы қыз бала аз уақыттың ішінде табылды. Оның анасы полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары жедел түрде жасөспірімнің байланыс ортасын тексерді. Көп кешікпей, қыз бала анасына ескертпестен, құрбыларымен саяжайға көңіл көтеруге кеткені анықталды. Түнгі сағат 2-де ол тағатсыздана күтіп, алаңдап отырған анасына жеткізілді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдік ішуінің 2 фактісі анықталды. Ата-аналары өз балаларына кері әсерін тигізетін екі отбасы есепке қойылды.
Аталған бағыттағы жұмыс жаз бойы полицияның ерекше бақылауында болады.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*