ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

Қан тапсыру – қайырымдылықтың, мейірімділіктің бір көрінісі. Осындай қайырымды шараға Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің 40 қызметкері өз еркімен қатысып, қан тапсырды.
Қызметкерлер облыстық қан орталығына таң сәріден келіп, тіркеліп, тексерістен өтті. Дәрігердің рұқсатынан кейін ғана қайырымдылық шараға қатысып, донор бола алады.
Қылмыстық атқару жүйесі департаменті жыл сайын қан тапсыруды игі дәстүрге айналдырған. «Қан тапсыру арқылы біреуге өмір сыйласақ, бұл үлкен қайырымды іс. Қан тапсырудан ешқашан бас тартпаймыз, біздің қызметкерлеріміздің арасында қан тапсырушы донорлар мен бірінші рет қан тапсырып жатқан қызметкерлеріміз де бар», – деді департамент бастығы, әділет полковнигі Мұрат Нәкенов.
Аталған акция алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Дана ДОСТАНОВА, Қызылорда облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*