Ерлік жасағандарға алғыс хат

Жуырда Тұңғыш Президент алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Меnіń Qazaqstanym!» атты акция өтті.
Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов барлық қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, батылдық пен ерлік танытқан азаматтарға алғыс хаттар табыс етті.
Марапатталғандардың ішінде Орал қаласы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Б. Катчеков және Батыс Қазақстан облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ №2 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Н. Мұханбетқалиев болды.
Б. Катчеков 2019 жылдың 1 маусымында батырлық танытып, рейдтік шара кезінде Желаев карьері ауданында суға батып кете жаздаған 5 жасар қызды құтқарды. Н. Мұханбетқалиев 2019 жылдың 20 наурызында болған өртте қатты түтіннің кесірінен өз бетімен шыға алмаған емшектегі баласы бар әйелді құтқарып қалды. Сол күні Орал қаласында болған өртте жауынгерлік іс-қимылдарды сауатты басқару, жылдам және батыл іс-әрекеттер нәтижесінде қауіпті аймақтан 15 адам эвакуацияланды. Олардың 2-і бала. Өрт ауыздықталып, аз шығынмен жойылды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*