Дәстүр дәріптелген кеш

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде жасақаралық «Ең үздік психологиялық газет» байқауының бірінші кезеңі өтті.
Бұл сайыстың мақсаты – жазасын өтеушілердің арасында өзара қарым-қатынас мәдениетін жоғарылату және әлеуметтік-психологиялық білімді дәріптеу.
Байқауға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы Р. Аманбайқызы, ҚАЖ департаментінің бас маманы, әділет майоры Ж. Есмаханов және департаменттің тіл маманы Д. Достанова қазылық етті.
Байқаудың ережесі бойынша әр жасақ психологиялық газетті рәсімдеу кезінде арнайы контингенттің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарын, мәдени құндылықтарды дәріптеп «Танымал ақпарат», «Пайдалы ақпарат», «Психологиялық әзіл» атты айдарларға ақпараттар болуы қажет.
Қазылар алқасы байқауға ұсынылған жұмыстардың көлеміне ғана емес, оның мазмұнына да ерекше назар аударды.
Ұзақ талқылаудан кейін қазылар алқасының мүшелері өздерінің шешімдерімен І орынды 1-жасақ тобына, ІІ орынды 3-жасақ тобына, ІІІ орынды 7-жасақ тобына беріп, мақтау грамотасымен марапаттады. Сондай-ақ, сайысқа белсене қатысқан топтарға алғыс білдіріп, сотталған азаматтардың жеке күнделігіне аталған шараға қатысып, белсенділік танытқандығы жөнінде жазба түсірілді.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*