Ұрпақтар сабақтастығының үлгісі

Атырау облысы Полиция департаментінде жыл сайынғы дәстүр бойынша жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің форумы өтті.
Бүгінде облыс бойынша құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде 100-ден астам жас полицей қызмет етуде. Оларға тәжірибелік көмек көрсету үшін кәсіби білікті мамандар мен ардагерлер қатарынан 120-ға жуық тәлімгер бекітілген.
Салтанатты жиынның ашылуында сөз сөйлеген департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрлыбек Кушенов: «Қызметкердің білікті, антына адал болып қалыптасуында тәлімгерлердің алатын орны ерекше. Басты мақсат – қызмет бабында тәжірибе алмасу, аға буын өкілдерінің қызметін жас полицейлерге үлгі ету», – деп, қызмет бабында қаза тапқан полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтің адамгершілік қасиеті мен азаматтық борышына адал болғанын атап өтті.
Жас мамандарды қызметке баулуда көрсеткен еңбегі үшін ІІО ардагерлері және тәлімгерлер, сондай-ақ, перзент тәрбиелеудегі үлесі үшін жас полицейлердің ата-аналары департамент атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Ұрпақтар сабақтастығының көрінісі ретінде полицейлер династиясы – Семғалиевтер отбасымен сұхбат ұйымдастырылып, жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Атырау облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*