Жол картасының жай-жапсары

Жамбыл облысының Полиция департаментінде Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тургумбаевтың нұсқауымен 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту бойынша Жол картасының негізгі тармақтарын түсіндіруге арналған жедел кеңес өтті.
Шараға «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, отставкадағы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Бейсеев, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Ералин қатысты.
Полиция полковнигі Бақытжан Бейсеев атап өткендей, Жол картасымен 54 іс-шарадан тұратын тоғыз бағытты жүзеге асыру қарастырылған. Олардың 39-ын осы жылы іске асыру жоспарланып отыр. Реформаның басты мақсаты – полицияның қоғаммен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерін өзгерту, сервистік үлгіге көшу.
Бақытжан Бейсеев Жол картасының әрбір бағыты туралы қысқаша баяндады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, Бақытжан Бейсеев тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселесіне ерекше назар аударды. Қызметкердің теріс қылықтары үшін басшының жауапкершілігі туралы Президенттің талабы осы мәселелерді шешуге оң ықпал етуі тиіс.
Өз сөзінде отставкадағы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков ардагерлер ұйымдарының қызметі туралы айтып, облыстық Полиция департаментінің жеке құрамына әрдайым қылмысқа қарсы күресте алдыңғы шепте болуға және офицердің абыройын асқақтатуға тілектестігін білдірді.
Кездесуді қорытындылай келе, ПД бастығының орынбасары Бақытжан Ералин штаттардың қысқаруына байланысты қызметкерлерге жүктеме артқанын, бұрынғысынша учаскелік полиция инспекторларының, тергеушілердің жетіспейтінін атап өтті. Алайда, белгілі бір қиындықтарға қарамастан, Бақытжан Ерболатұлы Жамбыл полицейлері алдағы аттестаттау кезінде жақсы нәтиже көрсетіп, абырой-беделіне нұқсан келтірмейтініне сенім білдірді.

Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*