Қарасулықтар қарсылас шыдатпады

Қостанай қаласының өрт сөндірушілері арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті.
Өрт сөндірушілердің жұмыс дағдыларын пысықтау және бекіту кезінде жеке құрамның практикалық дайындығына көп көңіл бөлінеді. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын арттырудың маңызды факторы – денешынықтыру жаттығулары. Жыл сайын спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу өрт сөндірушілердің дене дайындығын жақсартуға оң әсер етеді.
Затобол кентінің «Затоболец» стадионында Қостанай облысы гарнизонының өрт сөндіру бөлімдері арасында жыл сайынғы жарыс өтті. Жарысқа он жеті команда қатысты. Жеңіл атлетикалық старттар бағдарламасында 100 метр, 1000 метр қашықтықтарға жүгіру, ұзындыққа секіру және белтемірге тартылу сындары кірді.
Жарыс қызықты да тартысты өтті. Күштің, шыдамдылықтың және табандылықтың арқасында өрт сөндіруші-құтқарушылардың мықтылары айқындалады.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші жалпыкомандалық орынды Қарасу ауданы №17 ӨСБ, екінші жалпыкомандалық орынды Денисов ауданы №8 ӨСБ және үшінші орынды Қостанай қаласы №3 ӨСБ иеленді. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығының атынан грамоталармен және кубоктармен марапатталды.

Асхат ӘЛШІМБАЕВ, Қостанай облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*