Мектепаралық сын

Жуырда Оралдағы №4 Өрт сөндіру бөлімінің аумағында қалалық мектеп оқушылары арасында сайыс өтті.
Балалар өз қабілеттерін көрсетіп, жеңімпаз атануға бар күштерін салды. Бұл жарыста өрт сөндіру-құтқару спорты тек білектілер мен жүректілердің үлесі екені тағы да паш етілді.
Жарыс болған соң, жеңімпаздар мен жеңілгендер болатыны белгілі. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 1-орынды Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназия құрамасы жеңіп алды.
2-орынға №20 орта мектеп, 3-орынға №46 орта мектеп құрамалары лайық деп танылды.
Барлық қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараны жабу кезінде Орал қаласы ТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Аман Ишмуханов барлығына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

А. ҚАДЫРБЕКОВ, Батыс Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*