Жаста берген тәрбие…

Орал қаласы мен Бөрлі ауданының жалпы білім беру мекемелерінде жас өрт сөндірушілердің топтары бар. Олар өрт қауіпсіздігі бойынша шараларға оқыту, кәсіптік бағдарлауға көмектесу, өрт және техникалық білімді насихаттау, сондай-ақ, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуді үйрену мақсатында құрылған.
Топтағы сабақтар балалардың өмір мен денсаулығының қауіпсіздігіне жауаптылық сезімін тәрбиелеуге көмектеседі, оған белгілі бір кәсіби және жеке басшылық белгіленген. Бүгінгі таңда бұл қозғалыс жаңа деңгейге көтерілуге байланысты оның қатарына қыздар мен балалар көп келуі көңіл қуантады.
Оқу жылының барлық мерзімінде жас өрт сөндірушілер өз мектептерінде, балабақшаларда, өз шағын аудандарында өрттің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді. Оқушылар буклеттер мен парақшалар таратып, қабырға газеттерін шығарып, түрлі профилактикалық рейдтер мен патриоттық акцияларға қатысты. Орал қаласы ТЖБ, Бөрлі ауданы ТЖБ мен қалалық өрт сөндіру бөлімшелері және №8, 9 Өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері өздерінің жас әріптестеріне өрт қауіпсіздігі, су қауіпсіздігі, Азаматтық қорғаныс туралы балаларға әңгімелеп, дәйекті әдістемелік бейнефильмдерді көрсетіп, төтенше жағдайлар кезінде бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану алгоритмін білуге, мектеп ғимаратынан эвакуациялануға үйретіп, өрт және құтқару техникасымен таныстырды.
Өрт сөндіру пәндері бойынша көңілді тапқырлар клубы ойындарын ойнау жақсы дәстүрге айналды. Қатысатын командалардың даярлықтары жоғары деңгейде, стандартты емес тәсілмен талаптарды жеткізіп, ойынды бірегей «өрт шоуына» айналдырады. Осындай шаралар тек көптеген жағымды эмоцияларды ғана емес, сондай-ақ, ережелер мен қауіпсіздік шаралары туралы көп білімді жетілдіреді.
Тұтастай алғанда, Жас өрт сөндіруші топтарының мұндай жұмыстарды өткізуі балалардың өз қауіпсіздігіне, сондай-ақ, басқалардың қауіпсіздігіне жіті назар аударуды үйретеді. Олар өрт кезінде адамдарға көмектесу амалдарын, өрт сөндірудің негізгі құралдарын біледі. Құтқарушылар балалар арасынан болашақта біздің мамандығымызға бейімділері шығып, өз тағдырларын осы игі іспен байланыстыратынына сенімді.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*