Ақордадағы алқалы жүздесулер

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақты дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің алдағы отырысының күн тәртібі талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев одаққа мүше елдердің көп қырлы өзара іс-қимылдарын тереңдету қажеттігіне назар аударды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады.
Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы баяндалды.
Қазақстан Президенті азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында әділ әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуына басымдық беру керек екенін атап өтті.
– Облыс басшылығынан аталған мақсаттарға жету бағытында бастамалар мен нақты шаралар қабылдау талап етіледі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Жамбыл облысын одан әрі дамыту туралы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*