«Жасыл белдеудегі» жалынмен күрес

Жаздың басталуы қарсаңында жүздеген демалушылар табиғат аясына шығады. Сол уақыттарда адамдардың ұқыпсыздығы мен абайсыздығы өрттің орын алуына әкеліп соғады.
Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласы аумағында құрғақ шөп жануы бойынша 74 оқиға тіркелген. Жанудың жалпы аумағы 17265 гектарды құрады.
Жуырда елордалық Өрт сөндіру қызметі «Жасыл белдеу» аумағында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін шақырып, орман-дала өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Шараға қала әкімінің орынбасары А. Тұрлыбек, Есіл ауданы әкімдігі, ТЖ комитеті мен ТЖД-ның басшылығы қатысты. Спикер болып ІІМ ТЖК төрағасы, генерал-майор В. Беккер және ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы, полковник М. Аманбаев сөз сөйледі.
Оқу-жаттығудың жоспары бойынша сөндірілмеген темекі тұқылы салдарынан құрғақ шөптің жануы орын алған. Өрт өршіп, орман алқабына қарай бет алады. Оқиға орнына №2 жоғары шақыру нөмірі бойынша Өрт сөндіру қызметінің бөлімшесі, 102 қызметі, АМО, «Астана орманы» ЖШС және қаланың коммуналдық қызметі жіберілді. МИ-171 тікұшағы да жетіп, ол тік өрт сөндіру жүйесінің көмегімен суды шашу арқылы өртті сөндіруге кірісті.
Өрт шыққан орынға Өрт сөндіру қызметі келіп жетіп, штаб ұйымдастырылды. Өрт сөндіру қызметі өрт барлауын жүргізеді және өртті сөндіру үшін лафеттік өрт оқпандарын береді, ал коммуналдық қызмет жұмысшылары «Нұсқаулыққа» сәйкес суару-жуу машинасы және аспалы өрт сөндіргіш көмегімен өрт аумағын (периметрі бойынша) сөндіру жұмыстарына кіріседі. Өрттің ары қарай таралмауы үшін жерді жырту жұмыстары жүргізілді.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*