Келестегі келелі іс

Келес ауданында Полиция бөлімі жанынан азаматтарға арналған халықтық-кеңсе ашылды.
Бұл Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мақсатында азаматтарды қабылдауға арналған Түркістан облысына қарасты 16 қалалық, аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің ішінде тұңғыш рет ашылып отыр. Салтанатты шараға Келес ауданының әкімі А. Еспаев, Келес ауданы ПБ-нің бастығы, полиция полковнигі Ш. Оңғаров, аудан мәслихаты жанынан құрылған қоғамдық кеңестің төрағасы А. Мұхаммеджанов, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл билері, аудандық сот төрағасы мен прокуроры, бұқаралық ақпарат құралдары мен тұрғындар қатысты.
Халықтық-кеңсе құрылымы туралы айтып кетер болсақ, толығымен компьютерлік техникалармен және жиһаздармен қазіргі заманның талабына сәйкес жабдықталған. Аталған нысанда азаматтарды қабылдауға барлық жағдай жасалып, бейнебақылау жүйесі тартылған. Мұнда Келес ауданының 150 мыңға жуық тұрғындарының мәселелері, оның ішінде ішкі істер органдарының іс-әрекеттеріне қатысты сұрақтары бойынша, сол жердегі мамандардан түсіндірмелер мен кеңестер алып, қабылданған арыз бойынша арнайы мамандарға жолданып, уақытылы шешімін табатын болады.
Азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға Келес ауданы ПБ-нің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері, анықтаушылар, тергеушілер және көші-қон қызметі тобының мамандары жауап беретін болады.

Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*