Тілдік ортадағы бәсеке үшін

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу ұйымдастырылып, оған ПД-нің 280 қызметкері қатысты.
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін кезең-кезеңмен арттыру («ҚАЗТЕСТ» тапсырудың нәтижесі бойынша 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%) міндеттелген болатын.
Қазақ тілін білу деңгейін бағалау республиканың тілдік ортадағы бәсекеге қабілеттілігін дамытуға және арттыруға ықпал етеді және Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік тілді міндетті түрде білу міндетін іске асыру жөніндегі маңызды мемлекеттік іс-шаралардың бірі болып табылатындықтан, Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі №32 бейнеселекторлық кеңесінің хаттамалық шешіміне және 2018 жылғы 11 қаңтардағы жедел кеңес шешіміне сәйкес мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдарға бағынысты мекемелер қызметшілерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалайтын ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы диагностикалық және сертификаттық тест тапсыру көзделген.

Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*