Халық қалаулылары – Бөкей ордасында

Жақында Парламент Сенатының депутаттары Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, Бөкей ордасы ауданына «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен барды.
Ұшу барысында облыстық өртке қарсы штаб басшылығымен бірлесіп аймақтың өрт қаупі бар учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізді. Депутаттар сапар барысында Жаңақала және Бөкей ордасы аудандарындағы өрт қауіпсіздігі және өртке қарсы жағдаймен танысып, күштер мен құралдардың дайындығы туралы аудан әкімдері баяндады.
Батыс Қазақстан облысының ормандарындағы өрт қаупі бар маусым 15 сәуір күні жарияланды. Содан бері жалпы ауданы 2,5 га 1 орман өрті және жалпы ауданы 1194 га 93 жану тіркелді. Олардың барлығы дер кезінде анықталып, жойылды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт саны азайған.
Батыс Қазақстан облысы бойынша табиғи өрттер мен жанулардың алдын алу және сөндіру үшін бүгінде 2759 адамды құрайтын 150 ерікті өртке қарсы құрылым сақадай сай. Елді мекендерді қорғау бойынша ЕӨҚ қарамағында 126 су тасушы, 367 трактор, 366 басқа бейімделген техника, 1758 аспалы өрт сөндіргіш, 119 мотопомп және 1648 басқа да бастапқы құралдар бар.
Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 10 өрт сөндіру бекетін құрды. Олардың 2-і – Тасқала ауданының Шежін-2, Оян ауылдарында, 2-і – Шыңғырлау ауданының Ақтау, Аршалы, Бөкейорда ауданының Ұялы, Теректі ауданының Аңқаты және Жәнібек ауданының Ұялы ауылдарында, Сырым ауданының Тоғанас, Бәйтерек ауданындағы Үлкен Шаған және Егіндібұлақ ауылдарында. Аталған өрт сөндіру бекеттері радиусы 25 шақырымдағы 39 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Ақжайық, Қазталов аудандарында өрт сөндіру бекеттерін құру үшін қаражат қарастырылған, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жарияланды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*