2 күнде 5 қылмыс ашылды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 2 күннің ішінде бес қылмысты ашты.
Облыс аумағында «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Күн сайын түрлі бөліністердің 80-ге жуық қызметкері тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды анықтауға, жеткізуге, есепке қоюға мақсатты түрде жұмыс істеуде. Оларды іздеуге жуырда «маусымды ашқан» атты полицейлер белсенді түрде тартылды. Олар саяжай алқаптары мен молаларды тексереді. Учаскелік инспекторлар, патрульдік полицейлер жылу беру трассаларын, құбыр құдықтары, қараусыз қалған ғимараттарды тексеру үстінде.
Операция өткізілген 2 күннің ішінде облыс бойынша полиция бөлімдеріне 130 тұрақты мекенжайы жоқ адам жеткізілді. Олардың бәрі фотосуретке түсіріліп, дактилоскопиядан өткізіліп, әрқайсынан геномдық есеп үшін биологиялық материал алынды.
«ЖПІШ барысында екі із-түзсіз кеткен адам мен пробация қызметінің бақылауынан жасырынып жүрген 3 қылмыскер анықталды. Осылайша, былтырғы жылы ұрлық жасағаны үшін сотталған Қызылжар ауданының тұрғыны табылды. Мамырдың басында ол жоқ болып кетті, көктем шығысымен қаңғыбастыққа салынған. Іс-шара барысында ол Аққайың ауданынан табылды. Енді оған қатысты бостандығын шектеуден нақты қамауға алу мәселесі қарастырылатын болады», – деді облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.
Тұрғылықты мекенжайы жоқ 39 жастағы петропавлдық қаңғыбастыққа салынған. Бұған дейін наурыз айында оның жоғалғаны жайында әпкесі өтініш жазған, қыста ол әпкесінің үйінде жиі болып тұрған. Ер адамның ауданда ақша таппақшы болғаны анықталды. Қалаға келген соң, жалғыз туысын хабардар етуге қолы тимеген.
ЖПІШ барысында подъездерден велосипед ұрлау, жылу трассаларының металл қаптамалары мен басқа да заттарды ұрлау сынды бес мүліктік қылмыс ашылды.
Облыс бойынша полицейлер 2 күн ішінде 213 жертөлені, 124 канализация қақпағын, 223 қараусыз қалған ғимаратты, 202 үйдің шатырын, 59 қоқыс орнын тексерді.

Солтүстік Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*