Америкалық туристің лебізі

Америкалық саяхатшы Бурабайда туристік полицияның ашылуына таңданысын жасырмады.
Ақпарат бойынша, жаңа бөлімше жұмысын 17 мамырда бастады. Нақты сол күні полицияның станционарлы пункті ашылып, жаңа электромобильдің кілті тапсырылған болатын. Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов бөлімше жұмысына сәттілік тілей отырып, азаматтармен қарым-қатынасты жақсартуды және қызметтік міндетті абыроймен атқаруды тапсырды.
Бөлімше құрамында 5 қызметкер бар. Олар арнайы қызметтік киімде жүреді, бейнетіркеуіш, планшет, рациямен жабдықталған. Сонымен қатар, қызметкерлер ағылшын тілінің жеңілдетілген курсы, әскери және қызметтік даярлықтан өткен.
АҚШ-тан Бурабайға демалуға келген Дэвид Миллер Қазақстанда туристік полиция қызметінің ашылғанына ерекше таңданысын білдірді. «Мен әлемнің көптеген елдерінде болдым. Бірақ, сіздердегідей шетелдік туристерге деген қамқорлықты еш жерде кездестірмедім. Мен мұнда өзімді қауіпсіз сезінемін», – деді туристік полицейлермен кездескен Дэвид Миллер.
Жаңа электромобиль курорттық аймақ аумағында жүретін болады. Бұл көлік полиция қызметкерлеріне демалушылардың өтініштеріне дер кезінде жауап беруге және туристерге полиция құзыретіне кіретін кез келген мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, курорт қонақтары стационарлық полиция пунктіне көмек сұрап жүгіне алады. Ол курорттық аймақтың «жүрегі» – Абылай хан алаңында орналасқан. Тәулік бойы жұмыс істейтін Модуль бейнебақылау жүйесімен және барлық қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*