Халықтың бағасы бәрінен биік

Жуырда Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов азаматтарды жеке қабылдады.
Олардың екеуі Астрахан және Бурабай аудандарынан кездесуге арнайы келген. Осылайша Застанционный кентінің тұрғындары департамент бастығына толғандыратын сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.
Келіп түскен өтініштерді қарау толық және объективті болу үшін қабылдауға департаменттің мүдделі қызметтері мен басқармаларының бастықтары, сондай-ақ, Консультативтік-кеңесші органның өкілі Жалғасбек Сүлейменов пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Дәуітбек Нұрғалиев қатысты.
Қайдар Жанабеков департамент басшысына жоғалған жылқыларды іздеу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу мәселесімен келген. Астраханка ауылында тұратын зейнеткер осы іс бойынша толық және объективті тергеу жұмыстарын жүргізуді сұрады. Ақсақалды мұқият тыңдаған Берік Біләлов зейнеткерге барлық тергеу әрекеттері заңға сәйкес жүргізілетінін, ал қылмыстық іс жақын арада сотқа жіберілетінін айтты. Сондай-ақ, ведомство басшысы егер аудандық Полиция бөлімі тергеушілерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау фактілері анықталса, кінәлі тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Қызметтік тексеру жүргізу туралы тиісті тапсырма Өзіндік қауіпсіздік басқармасына да берілді.
Галина Әбішева есімді тұрғын Көкшетау қаласының полицейлеріне алғыс айту үшін арнайы келіпті. Сәуір айында орталық базарда қалта ұрылары оның әмиянын ұрлап әкеткен. Полицияға дереу жүгіну өз нәтижесін беріп, екі күн ішінде тәртіп сақшылары ұрланған заттарды тауып, заңды иесіне қайтарған. Галина Васильевна полицейлердің кәсібилігін және ұрлықты ашу кезінде өзіне деген әдепті қарым-қатынасын атап өтті. Берік Біләлов өз кезегінде Галина Васильевнаға тәртіп сақшыларының қызметіне жоғары баға бергені үшін алғысын білдіріп, қылмысты ашуға қатысқан қызметкерлерді көтермелеу туралы мәселені қарастыруды тапсырды.
Айта кету керек, Застанционный кентінің тұрғындары полиция қызметіне тікелей қатысы жоқ, кентті абаттандыруға қатысты мәселелер, соның ішінде жол төсемдерін жөндеу, көшелерді жарықтандыру, түнгі уақытта тұрғындар үйге жаяу баруға мәжбүр болғандықтан маршруттық автобустардың қозғалыс уақытын ұзарту мүмкіндіктері жөнінде көп сұрақ қойды. Әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдаған Берік Біләлов мәселелерді Көкшетау қаласының әкіміне жеткізетінін айтты.
Учаскелік полиция инспекторларына жергілікті тұрғын Сәбит Сейітовтың өтініші бойынша жеке тапсырма берілді. Ер адам балаларға қауіп төндіретін қаңғыбас иттерді аулау мәселесі уайымдататынын жеткізді.
Осы күні департамент бастығына жүгінген барлық азамат лайықты көмек алды. Әрбір өтініш бойынша құзыретті қызметтерге тапсырмалар берілді, ал олардың орындалуы жеке бақылауға алынды.
«Шалғай аумақтардың тұрғындарына жеке қабылдауға жазылу мүмкіндігі түсе бермейді. Бүгін біз Застанционный кенті тұрғындарының мәселелерін ара қашықтықтан талқыладық, оларды толғандыратын сұрақтарды тыңдадық. Біз қиыр ауылдық округтерде де осындай қабылдаулар өткіземіз», – деп өз жоспарымен бөлісті Берік Біләлов.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*