«Ерлік сабағының» маңызы зор

Әр елдің басты мiндеттердiң бiрi – төл дәстүрлерiн жақсы бiлетiн, өз халқының тарихын сүйетiн, елдiң болашағына тiрек бола алатын ұрпақ тәрбиелеу. Осы тұрғыда ішкі істер органдарының қызметкерлерін аға ұрпақтың даңқ дәстүрлерімен тәрбиелеу ісінде музей жұмысының рөлі зор.
Қызылорда облысының Полиция департаментінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жастарды потриоттыққа тәрбиелеуге, полицияның оң имиджін қалыптастыруға, полицияда қызмет етуге қызығушылықты арттыру мақсатында «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып, университет, колледж студенттеріне және мектеп оқушыларына департаменттің мұражайы және ішкі істер органдарының арнайы техникасы мен қару-жарақтары, полиция қызметкерлерінің киім үлгілері таныстырылды.
Сонымен қатар, департаментте жас қызметкерлердің слеті ұйымдастырылып, ішкі істер органдары қатарына жаңадан қабылданған жас қызметкерлерді патриоттыққа тәрбиелеу, оң имиджді қалыптастыру мақсатында департамент мұражайында полиция саласына үлкен үлестерін қосқан, қызмет бабында қайтыс болған ағаларымыздың және ішкі істер органдары ардагерлерінің еңбектері туралы әңгімелер жүргізілді.
Осы тұрғыда Қызылорда облысының ПД-де әскери және қызметтік даярлық сабағы негізінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкері, полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтың ерлігі ұлықталып, жеке құрамға «Ерлік сабағы» өткізілді.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*