«Darmen»-нің дәрмені сыналды

Алматы қаласындағы сейсмологиялық жаттығулар кезінде жер сілкінісін ерте хабарлайтын жаңа құрал сыннан өтті.
21 мамырда Алматы қаласы Алмалы ауданының жалпы білім беретін мектептерінде Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасымен және «I2NIK» ЖШС-мен бірлесіп жер сілкінісі туралы ерте хабарлау қызметін пайдалану арқылы сейсможаттығу өткізді. Қатысушыларға «Дармен» мобильді қосымшасының жұмысы көрсетілді.
Департаменттің негізгі міндеттерінің бірі – ТЖ туындаған жағдайда ең қысқа мерзімде оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарына жер сілкінісі, қар көшкіні және сел қаупі туралы қажетті ақпаратты жеткізу. Өкінішке қарай, дәстүрлі SMS мобильді операторлар желісіне түсетін жүктеменің жоғары болуына байланысты уақытылы хабарлау мәселесін толық шеше алмайды. Одан халыққа SMS хабарлама бірнеше сағат ішінде ғана жетеді.
АҚШ-та, Канадада және Жапонияда ерте хабарлау жүйесін енгізу бойынша үздік тәжірибе, ақпаратты адресатқа санаулы секундқа жеткізу үшін заманауи технология ретінде push-хабарламалар арқылы халықты ақпараттандыру үшін смартфондардың мүмкіндіктері пайдаланылады. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, Алматы қаласында «Darmen» мобильді қосымшасы енгізілді. Ол тегін және iOS және Android мобильді операциялық жүйелерін жүктеу үшін қолжетімді.
Қазіргі уақытта мобильді қосымшада жер сілкіністері туралы ерте хабарлаудың жаңа функциялары іске қосылды. Алматы қаласының маңында пилоттық жоба аясында жер асты дүмпуін тіркейтін сейсмодатчиктер орнатылды. Сейсмодатчиктер іске қосылған кезде адамның қатысуынсыз автоматты режимде ақпарат қолданушыларға бірден келетін болады.
«Darmen» мобильді қосымшасының функциялары үнемі жетілдірілетін болады.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*