Жазды қауіпсіз өткізу үшін

Жазғы демалыс қарсаңында Ақмола полицейлері оқушыларға қауіпсіздік ережелерін еске салды.
Бүгінде пайдалы, сонымен қатар, жазғы маусымда оқушылардың қауіпсіз бос уақытын ұйымдастыру – басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта Ақмола тәртіп сақшылары 17-20 мамыр күндері Көкшетау қаласының 25 жалпы білім беретін мектебінде оқушылар үшін профилактикалық дәрістер ұйымдастырды.
Айта кету керек, біздің қаламызда балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақат алуы маусымдық сипатқа ие. Өкінішке қарай, ең көп зардап шегу оқиғалары мамыр айынан қыркүйек айына дейін, яғни жаз мезгілінде тіркеледі.
Алдын алу іс-шараларында облыстық Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлері қару мен арнайы құралдарды меңгеру өнерін көрсетті.
Айта кету керек, облыс орталығында сәуір айынан бастап санитарлық дәрігерлердің, Полиция, Төтенше жағдайлар департаменттері өкілдерінің, педагогтардың қатысуымен ведомствоаралық кеңестер өтуде.
Жоспар әзірленіп, ол бойынша барлық бала тәулік бойы көзге көрінетін аймақта болулары тиіс. Сондықтан барлық қала сыртындағы лагерьлерге полицейлер жіберіледі.
Балаларды демалыс орындарына және кері тасымалдау кезінде патрульдік полиция қызметкерлерінің күшімен ілесіп жүру және қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Ал әрбір қала сыртындағы сауықтыру лагеріне жазғы маусымда тәулік бойы жұмыс істейтін полиция қызметкерлері бекітілетін болады.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*