Аққулының жас құтқарушылары

Жасөспірімдердің төтенше жағдайларда, өрттерде, апаттарда әрекет ету дағдыларын арттыру және балалардың спорттық баптарын жақсарту үшін Аққулы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Жас құтқарушы» жарысын өткізді.
Жарысқа аудан мектептерінің 8 командасы қатысты. Мұнда қатысушылар визит карточкасы, кедергілері бар 4х100 өрт сөндіру эстафетасы, жауынгерлік киім кию және өрт сөндіру автокөлігінен жауынгерлік қанат жаю, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін кию, суда зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету, құтқару шеңберін және Александров шеңберін құтқару аймағына лақтыру, қайықпен 100 метр қашықтыққа ескек есу, сондай-ақ, капитандар сайысынан сынға түсті.
Барлық нормативтерде тек уақыт қана есепке алынбай, сонымен қатар, жаттығуларды дұрыс орындау қажет болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл ЖОББМ командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Шарбақты ЖОББМ командасы, үшінші орынды Лебяжі ЖОББМ командасы иеленді.
Жарыс жеңімпаздары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

К. ЗИЯДИН, Павлодар облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*