Жаңақорғандағы маңызды жиын

Жуырда Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арыстанғани Заппаровтың бастамасымен Жаңақорған ауданында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облысы бойынша ветеринарлық инспекциясы мен облыстық әкімдігі Ветеринария басқармасы өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.
Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбековтің төрағалығымен өткен шараның күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қызылорда облысы ПД Криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Қ. Нұрсейітов, Жаңақорған аудандық ПБ бастығының орынбасары А. Жолдасбаев, Жаңақорған аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Н. Беркімбаев баяндама жасап, мал ұрлығының алдын алуға және оны ашуға бағытталған профилактикалық шараларды ұйымдастыру мәселелері жөнінде айтты.
Сонымен қатар, ұрланған малды анықтау, оны және ет өнімдерін сатып алу мен өткізуді, мал иелері мен бақташы арасындағы жазбаша шарттардың болуын, сәйкестендірілмеген малды анықтау, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы және асыл тұқымды малдарды өсірумен, ұстаумен, жоюмен және бордақылаумен айналысатын адамдардың есебін жүргізуге бағытталған қыстауларды, шаруа және фермер қожалықтарын, бордақылау базаларын, жайылымдарды тексеру жайлы кеңінен айтылды.

Қызылорда облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*