Көпбалалы отбасыларға көмек

Халықаралық Отбасы күні қарсаңында облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов көпбалалы отбасыларға барып қайтты.
Берік Біләлов Шанхай ш/а және Нефтебаза ауылында тұратын көпбалалы Полосиндер мен Жұманғалилар отбасыларына арнайы бас сұқты. Отбасыларда төрт баладан тәрбиеленуде және материалдық тұрғыдан қиыншылықтары жоқ емес.
Александр мен Анастасия Полосиндер отбасында төрт қыз. Үлкені Диана 13 жаста, ол анасына апа-сіңлілеріне қарасуға көмектеседі. Ал ең кішісі Юля бірнеше айдан соң екі жасқа толады. Сәбиге ерекше күтім қажет, бүкіл отбасы үй иесінің табысына өмір сүруде.
Ботагөз бен Өмірсерік Жұманғалилардың үлкен балалары Жақсылық, Әмина мен Мерген мектепте жақсы оқиды, ал кішісі Ақтілек екі жаста. Отағасы Өмірсерік Көкшетау қаласының Полиция басқармасында әртүрлі жұмысты орындаушы болып еңбек етеді.
Отбасы мүшелерімен әңгіме-дүкен құрған Берік Біләлов ең бірінші кезекте әлеуметтік-тұрмыстық жағдаймен танысып, ведомство бұл отбасыларды қамқорлыққа алып, оларға полиция тарапынан кез келген көмек пен қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Ішкі істер органдары мен ҰҰ ардагерлер кеңесінің қолдауымен тәртіп сақшылары көпбалалы отбасыларға қажетті азық-түлік пен балаларға арналған жемістері бар себеттер сыйласа, ведомство басшысы отбасы иелеріне материалдық көмек көрсетті.
«Біз мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрқашан дайынбыз және ведомство әрдайым өткізіп отыратын түрлі қайырымдылық акциялары – осының жарқын үлгісі. Көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету – біздің борышымыз», – деп атап өтті Берік Біләлов.
Айта кету керек, тәртіп сақшылары тағы да көптеген мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуді көздеп отыр. Қазіргі таңда Полиция департаментінде 80 көпбалалы отбасы бар, оның 24-і облыс орталығында тұрады. Берік Біләлов көпбалалы полицей отбасыларының жағдайын жеке бақылауға алды.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*