Кәсіп игерген сотталған сұранысқа ие

Сотталғандарды жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту – пайдалы жұмыс дағдыларын игерумен және дамытумен түзету және қайта әлеуметтендірудің үлкен және маңызды процесінің негізгі буыны.
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕС-164/3 мекемесінің өндірістік учаскелерінде 4 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. «ЛесПромСКО» ЖШС ағаштан жасалған поддондар мен кәдесый бұйымдарын дайындаумен айналысады. Оған 6 сотталған жұмысқа орналастырылды. «Пасека Қызылжар» ЖШС омартаға арналған құрал-жабдықтар өндірісін бастады. Қазіргі уақытта омартаны тасымалдауға арналған құрал-жабдықтар дайындау мәселесі пысықталуда. Бұл жерде 3 сотталған жұмысқа орналастырылды.
«Щеголев Е. С.» ЖК үшін 9 сотталған монша керек-жарақтарын полипропилен жіптен дайындайды. Ал «Ибраев С. Н.» ЖК ағаштан жасалған бұйымдар дайындаумен айналысады: қоршаулар, күркелер, дөңгелек үстелдер. Қазіргі уақытта монша дайындаумен айналысады, 5 сотталған жұмысқа орналастырылды.
Сондай-ақ, мекеме аумағында «Еңбек-Қызылжар» филиалының №3 өндірістік учаскесі жұмыс істейді. Онда төсек-орын жабдықтары мен нысанды киім-кешек дайындау, нан-тоқаш және макарон өнімдерін пісіру цехтары орналасқан. Мемлекеттік тапсырыс бойынша пластиктен және металл қоршаулардан терезе жақтауларын өндіру жолға қойылған. Петропавл қаласының орта мектептері мен балабақшаларының қажеттіліктері үшін 79 сотталған жұмыс істейді.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде барлығы 147 сотталған жұмысқа орналастырылған. Олардың орташа жалақысы орындалған жұмыс көлеміне байланысты 30-50 мың теңгені құрайды.
Бұдан басқа, мамандығы жоқ 100-ге жуық сотталған «Петропавл кәсіптік колледжі» КММ-де 3 мамандық бойынша оқып жатыр. Атап айтқанда, олар тас қалаушы, электр дәнекерлеуші және ағаш шебері мамандықтарын игеріп шықпақ. Колледждің негізгі міндеттерінің бірі – сотталғандардың босатылғаннан кейін қоғамға бейімделуі үшін оларға кәсіп істеудің көзін үйрету.
Алынған кәсіппен және алған жұмыс дағдыларымен бостандыққа шыққан адам әрдайым сұранысқа ие және қоғамға қажет.

Тамерлан ВАЛИЕВ,
ЕС-164/3 мекемесінің бастығы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*