Кешікпей жеткен көмек

Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары екі жасөспірімді құтқарып қалды.
Мамыр айының мереке күндері Батыс Қазақстан облысының көктемгі ауа-райы күрт ысып кетуіне байланысты тұрғындар демалыс күндерін су жағалауларында өткізді.
11 мамыр күні 112 телефон нөміріне Орал қаласының тұрғыны қоңырау шалып, Желаев аумағында демалып жүрген әйел адам 2 жасөспірімнің көмекке шақырып жатқанын көрген.
2005 және 2006 жылдары туған жасөспірімдер карьер ортасымен аралға өтіп, кері жағаға шыға алмай қалған.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының №3 құтқару бөлімшесі жедел шақыртуға шықты. Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 3 құтқарушысы және 1 автотехника мен жүзу құралы жұмылдырылды.
Құтқарушылар құтқару қайығымен жасөспірімдерді достары күтіп тұрған жағаға аман-есен жеткізді. Жасөспірімдер су жағалауында үлкендердің қарауынсыз болған. Құтқарушылар олармен тәрбиелік түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, су айдындарындағы негізгі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Кейін балалар үйлеріне жіберілді.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*