Есірткі жарнамалаудың жазасы қатаң

Дені сау және мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы және Ақтөбе қаласы Жастар ресурстық орталығы мен «Үмітің үзілмесін» волонтерлік клубы «Жастар есірткіге қарсы» акциясын бастады.
Қазіргі кезде есірткі сатуды жарнамалау бойынша Ақтөбе қаласында үйлердің қасбетінде, дүкен, шарбақ, тұрақтар және басқа да инфроструктуралық объектілерде граффити-жазуларды орналастыру деректері бар. Шара барысында құқық қорғау органдары қызметкерлері Интернет-сайттардағы мекенжайлардан есірткі өнімдері мен психотропты заттарды тарататын жазулар орналасқан жерлер анықталды. Алайда, бұл сайттардың домендік атауы тек Ресей Федерациясы аумағына тиесілі және Ақтөбе облысы тұрғындарына бұл есірткі өнімдерін сатып алуға мүмкіндік жоқ. Осы акцияны өткізу барысында қатысушылар жарнама жазулардың үстінен бояу бойынша іс-шаралар жүргізді.
Алайда, барлық осындай жазуларды таратушы жастар бұл әрекеттері үшін қатаң жазаның бар екенін, тіпті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін біле бермейді. Акция жыл соңына дейін жалғасады.
Ақтөбелік полиция қызметкерлері ата-аналарды өз балаларының бос уақытын бақылауға алуға шақырады.

Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*