Зейнеткерді тонаған залым

Ақмола облысының полицейлері зейнеткерді тонап кеткен күдіктілерді қолға түсірді.
Қылмыс 7 мамыр күні Степногор қаласында орын алған. 68 жастағы зейнеткердің айтуы бойынша ер адам үй ішінде оған дене жарақатын келтіріп, 650 000 теңге көлемінде ақшалай қаражатын ашық түрде ұрлап әкеткен. Зейнеткер тәртіп сақшыларына тонаушының бет-бейнесі мен киімдерін суреттеп берді.
Аталған белгілер бойынша полиция қызметкерлері күдіктіні жедел анықтап, қаскүнемді ізін суытпай ұстау бойынша кешенді іс-шаралар өткізді. Сол күні Степногор қаласындағы пәтерлердің бірінде тонаушы құрықталды. Ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған 49 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, күдікті кабельдік телевидениені орнату шебері ретінде жәбірленушінің үйіне келген. Оның ақшасын көріп, дәрменсіз зейнеткерді соққыға жығып, қаражатты иемденіп кеткен.
Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша ҚК 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес (тонау) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*