Госпитальда барлық жағдай жасалған

Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов ведомстволық госпитальдің жұмысымен танысып, емделіп жатқан ішкі істер органдары ардагерлерінің көңілін сұрап қайтты.
Сапар барысында ведомство басшысы емдеу жағдайымен және емханасы бар госпитальдің материалдық-техникалық базасымен танысты. Басшының назарына құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкпе, асқазан-ішек жолдары ауруларын зерттеуде кең мүмкіндіктер ашатын медициналық аппаратура, сонымен қатар, заманауи рентген-жабдықтар мен биохимиялық анализатор ұсынылды.
Сондай-ақ, Берік Біләлов клиникалық-биохимиялық зертхананы, рентгенологиялық кабинет, физиокабинет, функционалдық диагностика кабинеті, УДЗ-диагностика кабинеті мен емшара кабинетін аралап көрді.
Емханасы бар госпитальда қабылдау 10 мамандық бойынша жүргізіледі, ал емхананың қуаты бір ауысымда 120 келушіге арналған. Терапевтер екі ауысымда қабылдау жүргізеді, шағын бағыттағы мамандар бірінші ауысымда жұмыс істейді. Мұнда ІІМ зейнеткерлеріне, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына арналған терапевтік учаске жұмыс істейді. Сонымен қатар, «емдеуге жатқызу бюросы» порталы арқылы жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін науқастарды емдеуге жатқызу енгізілді.
Стационарды аралау кезінде Берік Біләлов емделіп жатқан ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесті. Ведомство басшысы ақсақалдардың жағдайларын сұрап, оларға тез арада сауығып кетуді тіледі.
Ведомствалық госпитальдың материалдық-техникалық жағдайымен танысқан Берік Біләлов дәрігерлік кабинеттер мен палаталарда жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ, заманауи талаптарға сай қажетті медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға тапсырма берді.
«Полиция қызметкерлерінің денсаулығы – олардың қызметтік міндеттерін табысты орындаудың негізгі шарттарының бірі. Сондықтан госпитальда науқастардың емделуіне барлық жағдайлар жасалуы тиіс», – деді полиция генерал-майоры. Соңында Полиция департаментінің бастығы «Жедел жәрдем» қызметтік машиналарының техникалық жағдайын тексерді.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*